2018-2019 оқу жылындағы 5В010900-"Математика" мамандығы бойынша түлектерді жұмысқа орналастыру

2018 жылдың 17 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Білім», «Өнер» және «Қызмет көрсету» дайындық бағыттарының түлектері үшін дербес бөлу, тарату шарасы өткізілді.

Шараға Батыс Қазақстан облысының, Атырау және Маңғыстау облыстарының қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары мен кадрлық қызмет жетекшілері, облыстық және аудандық мәдениет, архивтер және құжаттама бөлімдерінің өкілдері қатысты.

5В010900 «Математика» мамандығы бойынша шараға 53 студент қатысты.

 

 

«Түлектерді тарату» шарасының нәтижесінде түлектерді жұмыс орындарына тарату бойынша комиссиясы шешімі бойынша «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» «Серпін» әлеуметтік жобасы шеңберінде 18 студент, мемлекеттік грант негізінде 3 студент, ауыл квотасы негізінде 1 студент, ақылы негізінде 31 студент жұмысқа орналастырылды.

Университет түлектерін жұмыспен қамту түрлерінің бірі келген сұраныс хаттарының негізінде бітіруші курс студенттерін ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық мекемелер мен ұйымдарға сараманнан өтуге жіберу болып табылатындығы сөзсіз.