Бітіруші-түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің жоғары болуы – олардың сапалы дайындығы мен сұранысқа қажеттілігін көрсетеді.

2017-2018 оқу жылында 5В010900 «Математика» мамандығы бойынша барлығы 71 студент аяқтаған. Оның 69-і де қазіргі таңда жұмысқа орналасқан ал 2 студент бала күтіміне байланысты демалыста. Жұмысқа орналасу көрсеткіші-97,1% құрайды. Алдыңғы жылмен салыстырған төмен көрсеткіш көрсетіп тұр, 2016-2017 оқу жылында көрсеткіш 100% құраған. 6М010900 «Математика» мамандығы бойынша барлығы 1 студент аяқтаған. Оның 1-уі қазіргі таңда жұмысқа орналасқан. Жұмысқа орналасу көрсеткіші-100% құрайды. Алдыңғы жылмен салыстырған бірдей көрсеткіш көрсетіп тұр, 2016-2017 оқу жылында көрсеткіш 100% құраған.

 

Сурет 1. Өткен оқу жылымен салыстырғандағы жұмысқа орналасу көрсеткіші

 

4 курс студенттері еңбекпен қамту мәселесі бойынша бітіруші түлектер кафедраның жұмыс берушілерімен кездестірілді. Кездесу барысында студенттерге жұмыс берушілер болашақта білікті маман иесі болуы үшін қандай бағдарламаларды білуі қажет, түйіндеме жасағанда қандай ақпараттарды көрсету маңызды екендігін атап көрсетті және де студенттер өздерінің сұрақтарына толықтай мәлімет алды.

Сонымен қатар желтоқсан айында «Сәтті қадам» жобасы аясында, «Дипломмен – ауылға!» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізді. «Дөңгелек үстелге» бітіруші түлектер қатысты.

Дөңгелек үстелде «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы жастардың ауылда жұмысқа орналасып, еңбекпен қамтылуын негіздейтіндігі, Елбасының саясатын жастарға түсіндіріп, мемлекетте жүріп жатқан жұмыстарды кең көлемде насихаттау – басты бағыт екендігі, білім беру, мәдениет саласында және өнеркәсіпте, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, басқа да салалардың дамуына жастар өз үлестерін қосуы керектігі, Қазақстанның барлық жерлерінде жоғарғы және арнаулы оқу орындарын бітірген мамандарды жаппай ауылға жіберіп, оларды баспанамен, жоғарғы айлықпен қамту, мемлекет тарапынан жасалып отыған қамқорлық екендігі туралы айтылды.

Осындай өткізілген шаралар аясында студенттер «Сәтті қадам» жобасы аясында, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қызығушылық танытып, алдағы уақытта өткізілетін жәрмеңкелерге қатысуға ниет білдірді.