Бітіруші-түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішінің жоғары болуы – олардың сапалы дайындығы мен сұранысқа қажеттілігін көрсетеді.

2016-2017 оқу жылында 5В010900 «Математика» мамандығы бойынша барлығы 55 студент аяқтаған. Оның 55-і де қазіргі таңда жұмысқа орналасқан. Жұмысқа орналасу көрсеткіші-100% құрайды. Алдыңғы жылмен салыстырған жоғары көрсеткіш көрсетіп тұр, 2015-2016 оқу жылында көрсеткіш 93,5 құраған. 5В011000 «Физика» мамандығы бойынша барлығы 34 студент аяқтаған. Оның 30-і қазіргі таңда жұмысқа орналасқан. Жұмысқа орналасу көрсеткіші-88,2 % құрайды. Алдыңғы жылмен салыстырған төмен көрсеткіш көрсетіп тұр, 2015-2016 оқу жылында көрсеткіш 88,6 % құраған. Биылғы оқу жылында бұл мамандық бойынша 49 студент бітіргелі тұр. Қазіргі таңда бұл 49 студентте өзі алдағы уақытта жұмысқа орналасуға ниет білдірген жерлеріне сараманнан өтуге жіберілді. 6М010900 «Математика» мамандығы бойынша барлығы 2 студент аяқтаған. Оның 2-уі қазіргі таңда жұмысқа орналасқан. Жұмысқа орналасу көрсеткіші-100% құрайды. Алдыңғы жылмен салыстырған бірдей көрсеткіш көрсетіп тұр, 2015-2016 оқу жылында көрсеткіш 100% құраған. 6М011000 «Физика» мамандығы бойынша барлығы 3 студент аяқтаған. Оның 3-уі де қазіргі таңда жұмысқа орналасқан. Жұмысқа орналасу көрсеткіші-100% құрайды. Алдыңғы жылмен салыстырған бірдей көрсеткіш көрсетіп тұр, 2015-2016 оқу жылында көрсеткіш 100% құраған.

 

Сурет 1. Өткен оқу жылымен салыстырғандағы жұмысқа орналасу көрсеткіші

 

4 курс студенттері еңбекпен қамту мәселесі бойынша бітіруші түлектер кафедраның жұмыс берушілерімен кездестірілді. Кездесу барысында студенттерге жұмыс берушілер болашақта білікті маман иесі болуы үшін қандай бағдарламаларды білуі қажет, түйіндеме жасағанда қандай ақпараттарды көрсету маңызды екендігін атап көрсетті және де студенттер өздерінің сұрақтарына толықтай мәлімет алды.