Факультет деканы: Медешова Айгүл Бақтығалиқызы

Факультет деканының орынбасары: Иксебаева Жанна Сагинтаевна

Хатшы: Салекенова Салтанат Ерболатқызы

Миссия: қоғам мен мемлекеттің сұранысына сәйкес әрекет ете алатын мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру, жаратылыстану ғылымдары бойынша қалыптасқан интеллектуалдық, ақпараттық және материалдық ресурстарды пайдалану.

Мақсаты: студенттерге жоғары сапалы кәсіби білім беру, тәрбиелеу және дамуын жүзеге асыру.

Негізгі қызмет бағыттары:

·        физика-математикалық мамандықтар бойынша құзыретті-бағдарлы бакалаврлар мен магистрлар даярлау,

·        оқыту үдерісінде инновациялық ғылыми-педагогикалық әдістерді пайдалану;

·        студенттер мен магистранттарды ғылыми-ізденіс жұмыстарына белсенді қатыстыру;

·        кәсіби бағдар жұмысының аясында кафедра филиалдарының қызметін ұйымдастыру және жетілдіру;

·        экология және сапа менеджменті саласының саясатын жүзеге асыру.

2012-2013 оқу жылында факультет өз алдына физика-математика факультеті болып бөлініп шықты.

Факультетте көптілді білім беру бағдарламасы негізінде эксперименталды оқыту жузеге асырылып отыр. Сонымен қатар «Математика» және «Физика» мамандықтарына Отто фон Герике (Германия), Ұлы Каземир (Польша) атындағы университеттермен бірлесіп оқыту бағдарламасы құрылды. Оқыту осы бағдарлама бойынша өткізіледі. Факультеттің ПОҚ мен студенттерімен академиялық ұтқырлық бойынша жұмыс жалғасуда.

Қазіргі кезде заманауи талаптарға жауап беретін информатика және есептеуіш техника, физика оқу зертханалық кабинеттері жабдықталып, оқу үдерісінде қолданылады. Факультетте физика және математика кафедрасының профессоры: А.Е. Кузьмичева, доценттер: Ж.С. Сырым, А.Е. Жумагалиева, В.С. Мулдагалиев, Г.К. Жусупкалиева, информатика кафедрасының доценті Г.М. Миниус, А.Б. Медешова сияқты ғалымдар қызмет етеді.

Студенттер оқытушылардан тәлім-тәрбие алып, үнемі өз білімдерін жетілдіруге тырысады. Студенттер университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысады. Атап айтқанда, «Жасыл ел» және құрылыс жасақтарында мүше болып, белсенділік көрсетеді. Студенттік декан оқу-тәрбиелік және спорттық шараларды ұйымдастыруға қатысады. Факультет студенттері жыл сайын «Студенттер қатарына қабылдау», «Үздік студент-педагог конкурсына», «Студенттік көктем», спорттық спартакиада секілді университеттік шараларға қатынасып, жүлделі орындарды жеңіп алады.

Факультет өзінің түлектерімен Баев В.А., Куспанов У.К., Курманалина Ш.Х., Катаев Е.С., Мынбаева А.А., Протасов В., Шапкенов С.Ж. ғана емес еңбек ардагерлерімен, ҰОС ардагерлерімен Габидуллин Р.Н., Назиров Т.Ж., Тумпуров Ю.Ф., Ставкин О.Н, Абдульманов Р.Н., Тлеугалиев С.Х., Байгузов Н.С., Ишанбекова Г.Н., Тулежанов К.А., Джумахметов К.Ж, т.б. мақтана алады.

Факультет өздерінің түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен және сараман базасымен байланыста болады. Факультеттін жұмыс берушілер қатарына кіретіндер:  Кусмурзиева Эльмира Марсовна,  Наумов Алексей Викторович,   Черыкаев Леонид Георгиевич,  Протасов Виктор Алексеевич, Курманалина Шалхыма Хайруллаевна, С.Н. Сафуллин.

            Факультетте түлектермен одан ары қарай бірлесіп жұмыстар атқару мақсатыда факультет түлектерінің Ассоциациясы құрылды. Ассоциация мақсаты факультет пен түлектер арасында жаңа үлгідегі мамандар дайындау мақсатында тығыз қарым-қатынас орнату. Ассоциацияың кейбір мүшелері жұмыс берушілер мен ата-аналар болып табылса, кейбірлеулері факультет Кеңесіне мүшелік етеді.  Ассоциация түлектермен әртүрлі форматтағы кездесулер өткізуге, Ашық есік күндеріне қатысуға, сараман базасына, түлектердің жұмысқа орналасуына, мерекелік шараларға және т.б. шараларға көмектерін көрсетуге дайын Түлектердің өздері   оқыған кафедраларымен тығыз қатынас орнатуы  жұмысқа орналасудың факторы ретінде: кәсіптік жоғарылауға, еңбек нарығындағы ақпараттар, сондай-ақ жеке байланыстарды қолдануға қажет

Факультетте машықкерлер оқу үрдісінде әртүрлі формаларды қолданады: толықкөлемді оқу және өндрістік сарамандар, мастер-класстар, жұмыс берушілермен және арнайы мамандармен кездесулер, экскурсиялар. 

Жұмыс берушілермен қарым-қатынастың инновациялық формасына дуальды оқыту жатады. Дуальды оқыту мақсатында Орал қаласындағы №38  ЖОББМ «Информатика» мамандығының 2 (жед.) курс студенттері теориялық және практикалық сабақтарға қатысуға мүмкіндік туғызылған. Дуальды оқытуда студенттер белгілі бір кәсіби құзыреттілікке қол жеткізіп қана қоймай, топпен жұмыс жасауға, технологиялық шешім қабылдаудың тиімді әдістерін үйреніп, өздеріне тапсырылған жұмыстарға жауапкершілік танытуға үйренеді. Жұмыс үрдісінде болашақ мамандықтары туралы жаңа бағытта ойланып, өздренің мамандықтарын дұрыс таңдағандықтарын түсінеді. Одан басқа, болашақ маман шын ниетпен еңбектенсе жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.

Факультет кафедраларының ғылыми-зерттеу жұмысы:

·        жақын шетел ЖОО-мен (Мәскеу, Самара, Санкт-Петербург, Волгоград, Саратов, Орынбор);

·        алыс шетел ЖОО-мен (Германия, Польша, Турция, АҚШ) байланыс арқылы дамып отыр.

Факультет оқытушыларының баяндамалары мен мақалалары конференциялар мен ғылыми-зерттеу журналдарында жарияланып тұрады.

 

 Факультеттің мекен-жайы: Студенческая 1

Телефон: 50-94-44

FaLang translation system by Faboba
  • 1