Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 

          Физика-математика факультетінің кубогіне арналған 

пікірсайыс турнирі

Қараша айының 12-сі күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай физика-математика факультетінде дәстүрлі “Fiz-mat cup” атты факультетішілік пікірсайыс турнирі болып өтті. Турнирдің мақсаты факультетішілік студенттер арасында пікірсайыстың деңгейін көтеру және факультетаралық, қалалық, облыстық пікірсайыс турнирінде университет намысын қорғайтын үздік топтарды анықтау болды. 

Факультетішілік пікірсайыс турнирі бағдарламаға сәйкес М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің №8 оқу ғимаратында өтті. Пікірсайыс американдық парламенттік формат бойынша қазақ тілінде өткізіледі. Турнирге барлығы 6 команда қатысып, әр түрлі тақырыпта өз ойларын ортаға салды. Турнир 3 іріктеу, жартылай финал, финал бөлімдерінен тұрды. 

Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар болып финалға "Эверест" және "Гид" фракциялары шықты. Қорытынды бойынша: 

1-орын "Эверест" фракциясы (Өскен Динара, Айтжанова Сəруар), 

2-орын "Гид" фракциясы (Абатов Ханəбіл, Тауас Ернар), 

3-орын "Эксклюзив" фракциясы (Мухамбетов Дидар, Уахитова Дана) иеленді. 

"Үздік талпыныс" номинациясы бойынша "Міх" фракциясы (Қалдаш Ардақ, Хажымуханова Жадыра) және "үздік спикер" номинациясын Абатов Ханəбіл жеңіп алды. 

Ойында мықты қарсылас болып, өмірде шынайы дос болып, биік белестерді бірге бағындырыңыздар!

 

 

FaLang translation system by Faboba