«АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ТӘЖІРИБЕ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

 

       Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында, озық тұсында болады. Елімізді дамытатын негізгі күш бүгінгі жаста»-деп атап көрсеткен. Осыған орай бүгінгі жаһандану жағдайындағы заман талабына сай білім беру, оның мазмұны мен мақсатын, қағидалары мен міндеттерін қайта қарастырып, жаңару қажеттігі күн сайын артуда. Осы орайда 27-желтоқсанда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған физика-математика факультетінің деканы, п.ғ.к., «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері А.Б.Медешованың ұйымдастыруымен,  информатика кафедрасы мен Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының бірлесуімен «Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері: білім, ғылым, тәжірибе» атты дөңгелек үстел оздырылды.

       Дөңгелек үстел информатиканы оқытуда жаңа технологияларды пайдаланудың жолдарын іздестіру, тәжірибелермен бөлісу сияқты мақсатты көздеді. Өткізілген шараның шымылдығын М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректор, п.ғ.д, профессор Имашев Ғизатулла Имашұлы ашты. Модератор А.Б.Медешова

      «Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері: білім, ғылым, тәжірибе» тақырыбындағы баяндама бойынша шолу жасады.

Дөңгелек үстелде төмендегі сұрақтар талқыланды:

• Жоғары оқу орнында информатика саласының мамандарын құзыреттілікке бағдарлап дайындау мәселелері мен шешу жолдары;

• Колледжде және мектепте информатиканы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін жетілдіру мәселесі;

• Информатиканы  үштілді оқыту өзектілігі.

      Сұрақтарды талқылауда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ОӘЖ жөніндегі директордың орынбасары Е.Н.Сафуллин, Назарбаев Зияткерлік мектебінің ғылыми жұмыстар бойынша директордың орынбасары Г.С.Нагибова, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының білім беру үрдісін ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау бөлімінің әдіскері Г.С.Жагиева, М. Өтемісов атындағы БҚМУ көп тілділік 

институтының директоры, phD доктор Ли Джонг Хьюн (Jong Lee Hyun),  Зеленов ауданы Достық ЖОББМ информатика пәні мұғалімі О.Б.Адиева, Зеленов ауданы Щапов ЖОББМ физика-информатика пәнінің мұғалімі Г.Ә.Зинешова өз ойларымен бөлісіп, белсенділік танытты. Сонымен қатар мектептер мен колледжден келген информатика пәні мұғалімдері

ғылыми ізденістегі ойларымен, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті.  

       Дөңгелек үстел соңында А.Б.Медешова  келген қонақтарға ризашылығын айтып, алдағы уақытта ғылыми-әдістемелік семинарды жылына еки рет өткізу,ҚББ-мен бірге «Үздік машықкер» байқауын өткізу,

робототехника мен прграммалық жабдық бойынша оқушылар мен студенттер арасында байқау өткізу және мұғалімдер мен оқытушылардың  бірлесіп шығарған жұмыстары  көрініс тапса деген ұсыныстар  білдіріп, қатысушыларға сертификаттар таратты

      Міне, осындай басқосулар  ұжымдық жұмыс жасауға, өзін-өзі реттеуге, өзгенің пікіріне құлақ асуға, ынтымақтастық атмосферасының қалыптасуына, таным мен дамудың қалыптасуына бaғдар беруге мүмкіндік беретіні сөзсіз. 

 

Информатика кафедрасы

 

FaLang translation system by Faboba