ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ИНФОРМАТИКА КАФЕДРАСЫ

 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

 БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТАНДЫРУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН

«АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: БІЛІМ, ҒЫЛЫМ, ТӘЖІРИБЕ»

атты дөңгелек үстел

Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы

 

27 желтоқсан 2016 жыл

   

Орал, 2016

Құрметті _____________________________________________________!

 

Сіз(дер)ді М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті информатика кафедрасы мен Батыс Қазақстан облыстық білім беру сапасын бағалау және ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері: білім, ғылым, тәжірибе» тақырыбында өткізетін дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.

 

Ұйымдастыру комитеті

 

 

Дөңгелек үстелдің өтетін орны:

Орал қаласы, Достық даңғылы, 162

М.Өтемісов атындағы БҚМУ,

№1 ғимарат, 2 қабат, 209 кабинет

 

Басталу уақыты: 1000

Өткізілу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

 

ЖҰМЫС РЕТІ:

09.00-10.00  Дөңгелек үстелге қатысушыларды тіркеу

10.00-13.00 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дөңгелек үстел отырысы

 

Дөңгелек үстелдің жұмыс уақыты:

Дөңгелек үстелдегі пікірлер 7-10 минут

Жарыссөз – 3-5 минут

 

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

МОДЕРАТОР:

МЕДЕШОВА АЙГҮЛ БАҚТЫҒАЛИҚЫЗЫ – М. Өтемісов атындағы БҚМУ физика-математика факультетінің деканы, п.ғ.к, доцент

 

АЛҒЫ СӨЗ

  Имашев Ғизатулла Имашұлы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректор, п.ғ.д, профессор.

 

Талқыланатын негізгі сұрақтар:

·                   Жоғары оқу орнында информатика саласының мамандарын құзыреттілікке бағдарлап дайындау мәселелері мен шешу жолдары;

·                   Колледжде және мектепте информатиканы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін жетілдіру мәселесі;

·                   Информатиканы  үштілді оқыту өзектілігі.

 

Медешова Айгүл Бақтығалиқызы – М. Өтемісов атындағы БҚМУ физика-математика факультетінің деканы, п.ғ.к, доцент.

Сафуллин Елдос Набиоллиевич, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ОӘЖ жөніндегі директордың орынбасары.

Жиенғалиев Арман Куангалиевич, «BATYS IT» ЖШС директоры.

Алипбаева Саягуль Гадилжановна, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының білім беру үрдісін ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдау бөлімінің меңгерушісі.

Искалиева Айгуль Бисенбиевна,  Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің «Білім» бағыты бойынша ОӘЖБ төрағасының орынбасары.

Ли Джонг Хьюн (Jong Lee Hyun), М. Өтемісов атындағы БҚМУ көп тілділік институтының директоры, phD доктор.

Полулях Елена Владимировна, Орал қаласының облыстық дарынды балаларға арналған №8 мамандандырылған мектебінің мұғалімі.

 

*Барлық қатысушыларға сертификат беріледі.

 

FaLang translation system by Faboba