1985 жылы белгілі ғалым, профессор Х.К.Кенжеғұловтың (1985-1987 жылдар) бастауымен «Информатика және есептеуіш техникасы» кафедрасы құрылды. Кафедраның алғаш құрылған кезінен бастап студенттерді сапалы білім беру әдістермен қаруландыруды кафедра меңгерушісі ретінде физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент С.Х.Тілеугалиев (1987-1989 жылдар) қолға алып, информатика пәнінің алғашқы мұғалімдері дайындала бастады. Сол жылдардағы кафедраның алғашқы оқытушылары: аға оқытушылар О.Н.Ставкин, М.В.Искаков,С.Ж.Жумаханов, М.К.Атушева.
1989 жылдан бастап «Информатика және есептеуіш техникасы» кафедрасының меңгеруші қызметін физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.М.Миниус (1989-2002 жылдар) атқарды. Кафедра қабырғасында есеп шығарудың тәсілдері жетілдіріліп, болашақ «Физика және информатика», «Математика және информатика» мамандықтарына қажетті білім қорының негізі жинақталды.
1995 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал Педагогикалық институтының негізінде А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университеті құрылған уақытта кафедра физика, экономика кафедраларымен біріктірілген болатын.
2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті құрылымының өзгеруіне байланысты «Информатика» кафедрасы өз алдына кафедра болып құрылды.
2000-2015 жылдардағы кафедра меңгерушілері:
- аға оқытушы И.В.Распопова (2003 жыл);
- социология ғылымдарының кандидаты Д.Б.Абулкасова (2003-2004 жылдар);
- физика-математика ғылымдарының кандидаты А.Н.Кушеккалиев (2004-2005 жылдар) атқарды;
- оқытушы Р.А.Хамзина (2005-2006 жылдар)
- п.ғ.к., доцент А.Б.Медешова (2006-2014 жылдар)
- техн.ғ.д., профессор Е.С.Айталиев (2014-2016 жылдар)
- 2016-2017 оқу жылынан бастап техника ғылымдарының докторы, профессор кафедра меңгерушісі Ғұмаров Ғали Сағынғалиұлы
2005-2006 оқу жылынан бастап М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің сапа және экологиялық стандарттарды қабылдануына байланысты кафедралық іс қағаздарды жүргізу СМЖ құжаттарына негізделіп, жүйелі түрде жинақы жүргізілетін болды. Сонымен қатар, осы жылдан бастап кредиттік оқыту жүйесімен оқыту ісі қолға алынап, біраз тәжірибе жинақталды.
2006 жылдан бастап п.ғ.к. А.Б.Медешова кафедра меңгерушісі қызметін атқарған тұста кафедраның ғылыми-әдістемелік, оқу-тәрбие жұмыстары жетіле түсті. Қазіргі уақытта кафедрада студенттерге жанашыр, еңбек тәжірибесі мол оқытушылар: п.ғ.к., доцент Г.Х.Жусупкалиева, п.ғ.к., доцент А.Б.Медешова, доцент, phD доктор Ли Чжон Хюн, п.ғ.к., аға оқытушы Н.А.Дарханов, ф-м.ғ.к. Г.М.Миниус, техн.ғ.д., профессор Айталиев Е.С., аға оқытушылар Ғ.Г.Мухамбетова, С.М.Акимова, М.М.Иманғалиев, Г.Қ.Амантурлина, аға оқытушы, магистрлер Ж.С.Иксебаева, Ж.М.Муратова, Д.Ж.Тлеккабылова және оқытушы, магистрлер Қ.Т. Мукаев, Д.Н.Курмашева қызмет етіп жүр.
2009-2010 жылдан бастап информатика кафедрасы таратылып, жаратылыстану-математикалық факультетінің физика және математика кафедрасы мен педагогикалық факультеттің жалпы педагогика кафедрасына біріктірілді.
2011-2012 оқу жылынан бастап «Информатика» кафедрасы тағы да дербес өз алдына бөлініп шықты.
Жаңа заманауи компьютерлік сыныптар, интерактивті тақтамен жабдықталған дәрісханалар, интернет-сыныптар, электрондық оқу залы, виртуалдық зертханалар қызмет етеді. Кафедрада оқу-әдістемелік жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен оқытылатын пәндердің үлгілік бағдарламалары негізінде дайындалған оқу жоспарлары мен жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстары кафедраның ең басты бағыттарының бірі. Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстары студенттер мен оқытушылардың бірлесе жұмыстануы арқылы жүзеге асырылады, нәтижелері оқытушылармен белсенді түрде оқу үрдісіне енгізіледі: оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары шығарылады.
Оқыту мен тәрбиені қатар ұштастырған информатика кафедрасының оқытушылары қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын, педагогикалық жағдайларды студент тұлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлғаларды дайындап, білім көгіне қанат қақтыруда.

Информатика кафедрасының миссиясы:

Студенттерді комуникативтілікке, құзыреттілікке тәрбиелеу. Жеке тұлға, қоғам және мемлекет сұраныстарына сай болашақ педагогтарды дайындауда қазіргі білім беру инфрақұрылымын пайдалану және білім беру қызметін жүзеге асыру.
Оқыту процесінде тәрбие жұмысын тиімді жүргізе білу, студенттерде жоғары адамгершілікті, патриотизм сезімін, еңбексүйгіштік, дербестікті қалыптастыру білігі педагогтық шеберліктің тағы бір элементін құрайды. Осы бағытта кураторлар өз студенттерімен бірге тағылымды әрі көңілді шаралар мен кураторлық сағаттарды түрлі формада өткізеді.
Оқыту мен тәрбиені қатар ұштастырған информатика кафедрасының оқытушылары қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық технологияларын меңгерген, білім беру процесін басқара алатын, педагогикалық жағдайларды студент тұлғасының дамуына бағыштап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлғаларды дайындап, білім көгіне қанат қақтыруда.